spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Орта білім беру, инклюзия және кадрлар

Сондай-ақ...оқыңыз

Білім беру саласына көптеген адамдардың мүдделері байланысты, сондықтан ол қоғамды одан әрі дамытудың негізгі құралы ретінде қарастырыла береді.

Бүгінгі таңда өңіріміздің 537 күндізгі жалпы білім беретін мектептерде 138 мыңнан астам оқушы оқиды. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет 58 мың бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады.

«Қазақстанда ұстаздардың мәртебесін көтеру мақсатында ұдайы жұмыс атқарылып жатыр. «Педагогтардың мәртебесі туралы» Заң қабылданып, оның аясында мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсті. Орта білімді дамытуға бағытталған бірқатар жағымды өзгеріс бар. Осындай игі шаралар арқылы біз қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз. Ұстаз біздің қоғамда әрдайым сыйлы тұлға болады» деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Биылғы оқу жылында балалармен 22 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, оның ішінде ағымдағы жылы 10 мыңнан астамы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олар тәрбиешілер, мұғалімдер, оқытушылар және мектептер мен колледждердің әкімшілігі.

Желтоқсанның басында ақмолалық 3 ұстаз «Үздік педагог-2023» атағына ие болды. Олар Серкешбаева  Гульжанат Нурмагамбетовна – Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, Хасихан Енгилик – Бұланды ауданы Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі және Калмаганбетова Гулайым Тастановна Бурабай ауданы № 9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орта білімнің сапасы табысты ұлт болып қалыптасудың маңызды шарты екеніне әрқашан баса назар аударумен келеді. Біз әрбір оқушымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алып, жан-жақты дамуы үшін барлық қолайлы жағдайды жасауымыз керек.

Осыған орай, облысымызда жаңа оқу жылында 4000 орындық  5 мектеп және мектепке бір қосымша ғимарат ашылды, соның есебінен өңірдегі үш ауысымды оқыту проблемасы жойылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында 300 орындық мектеп ашылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін 300 орындық 1 мектеп және 300 орындық бір студенттік жатақхана ашу жоспарлануда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында аймақта  22 600 орындық 18 мектеп салу жоспарлануда.

Биыл 94 мектепті жаңғырту үшін бюджет қаражатынан 3,0 млрд. теңге бөлінді.

44 білім беру объектісінде 8,6 млрд. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, 62 білім беру объектісін ағымдағы жөндеуге шамамен 700 млн. теңге бағытталды.

Сондай-ақ 50 заманауи оқу кабинеті сатып алынып, 70 мектепте мектеп жиһазы жаңартылды, асханалар мен кітапханалар жаңғыртылып, көркем әдебиет сатып алынды. Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді.

Ағымдағы жылы облыста мектептер жанынан 26 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Қазіргі кезде өңірде инклюзивті білім беруді қолдайтын 46 кабинет бар. Оған ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1000 бала барады. Бұл балалармен  170-тен астам педагог жұмыс істейді. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін 2023 жылы 6  арнайы автокөлік сатып алынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img