spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында ауыл шаруашылық пен өнеркәсіп саласында жемқорлық басым

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Биыл Ақмола облысының бюджетіне 75 млн теңге негізсіз төленген субсидиялар қайтарылды. Бұл қаражаттың бір бөлігі 12 фермерге кезек бойынша субсидия ретінде берілді,- деп хабарлайды AqmolaNews ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жақиялин Айдос өңірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы күрес туралы баяндады. Ол әрбір саланың проблемаларының ерекшелігін ескеруде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы» жобасы негізгі құрал болғанын атап өтті. Тұрғындар үшін басым мәселелердің қатарында агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, экология, инфрақұрылым сынды салалардың маңызды екенін тілге тиек етті.

Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі белсенділік ерекше байқалады. 2022 жылдан бастап субсидиялау сомасы 101 миллиард теңгеден асқан. Бұл тұста сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг негізгі проблемаларды анықтады.Солардың қатарында, қаржыландырудың жетіспеушілігі, ақпараттық жүйенің жетілмегендігі және субсидияларды мақсатсыз пайдалану тәуекелдері белгілі болған.

«Тексеру нәтижелері жүйедегі кемшіліктерге байланысты екенін көрсетті. Мәселен, «Gosagro.kz» жүйесінде жалпы сомасы 88,2 миллион теңгеге негізсіз қосарланған төлемдер жүргізілді. Бұған жауап ретінде басшылықпен кеңес өткізіліп, нәтижесінде бюджетке 74,4 миллион теңге қайтарылды»,-деп атап өтті Айдос Жақиялин.

Сонымен қатар, бизнес үшін жер учаскелерін бөлу саласында да жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Антикордың ұсыныстары бойынша биылғы жылы кадастрлық құны 26 миллион теңгеге жуық үш учаске мемлекет меншігіне қайтарылды. Одан әрі бөлу заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады. «Бизнеске жол» жобасы аясында биылғы жылдың басынан бері Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Антикор орталығы алаңында 700-ге жуық бизнес өкілдерінің қатысуымен 50 кездесу ұйымдастырылды. Жер қатынастарынан бастап салық саласына дейінгі түрлі салаларға қатысты түйіткілді мәселелер сараланды. Нәтижесінде 2700-ден астан кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі ұсынымдардың орындалуын бақылауды жалғастыруға ниетті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img