spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 15, 2026
14.2 C
Kokshetau

Оқушылар арасында қауіпсіз мінез құлқының алдын алу мәселелері облыстық семинарда талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «Оқушылар арасында қауіпсіз мінез-құлық, зорлық-зомбылық және суицидтің алдын алу» атты облыстық семинар өткізілді.

Қоғамдағы заманауи тенденциялар балалардың қауіпсіз мінез-құлқының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ойластыруды және мұқият жоспарлауды білдіреді. Балаларға қарсы қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің және аяқталған суицид жағдайларының заманауи статистикасы бізді осы мәселені шешудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етеді.

Ақмола облысы бойынша «Шанс» әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының психологы Сейтқажина Көгершін Ағайдарқызының осы мәселе бойынша «Әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығының жағдайында зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге психикалық денсаулық және психологиялық қолдау көрсету» тақырыбындағы жұмыс тәжірибесі тыңдалды.

«Колледждегі жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу шаралары» туралы  Көкшетау қаласының көпсалалы колледжінің педагог- психологы Актаева Айгуль Сайлаубековна сөз алды.

«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу  бойынша оқушылардың ата-аналарымен әлеуметтік педагогтың жұмысы» тақырыбында Көкшетау қаласының «Арна» жоғары колледжінің әлеуметтік педагогы Ганзен Алексей Викторивич таныстырды.

Бурабай ауданының Катарколь ауылының Ауылшаруашылық колледжінің педагог- психологы Молоткова Екатерина Владимировна  «Психологиялық тренинг жасөспірімдермен профилактикалық жұмыстың тиімді әдістерінің бірі ретінде» тақырыбымен өз жұмысымен тәжірибе бөлісті.

Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конго – Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары және халықты қорғау

Конго - Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – табиғи-ошақты ауру, маусымдық көктемгі-жазғы сипатымен ерекшеленеді. Аурудың өршу жағдайлары мамыр айынан тамыз айына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика