spot_img
Жұма, Шілде 17, 2026
22.3 C
Kokshetau

16 желтоқсандағы жағдай бойынша 95 344 орындық 109 жаңа мектеп ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз
ҚР Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды, апатты мектептер мәселелерін, сондай-ақ оқушылар орнының тапшылығын жүйелі шешу үшін жаңа білім беру нысандарын іске қосу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16 желтоқсан қарсаңында елімізде 7344 орындық 13 жаңа мектептің ашылуы жоспарлануда. Осылайша, жыл басынан бері пайдалануға берілетін 95 344 орындық жаңа мектептердің саны 109-ды құрайды.

Жалпы, осы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың оқушы орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру көзделген. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектеп мәселесін, 113 елді мекендегі оқушы орны тапшылығын шешеді.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асуда. Биыл 217 мектептің құрылысы басталды, олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба ең алдымен қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептерді салуға, оқушылар мен педагогтерге жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектеп салу жоспарлануда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс 24 пайызға азайды: алаяқтық төмендеп, цифрлық қауіпсіздік күшейіп келеді

Ақмола облысында биылғы алты айда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика