spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу бойынша алимент төлемегені үшін Ақмола полицейлері сотқа дейінгі тергеуді бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Ақмола облысының ПД-де екі ақмолалыққа қатысты Красный яр ауылы мен Қарағанды облысының тұрғындарынан өтініш келіп түсті.Олар ұзақ уақыт бойы Ақмола облысының бұрынғы ерлі-зайыптылары, кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді атқармайтынын хабарлады.
Бірінші жағдайда, 32 жастағы ақмолалықтың 2011 жылы туған ұлын асырау қарызының сомасы 2 миллион 138 мың теңгені құрайды. Екінші жағдайда, тағы бір әке өтініш берушінің айғағы бойынша 2020 жылдан бастап кәмелетке толмаған қызын асырауға алимент төлемейді, ер адамның берешегі 1 млн.138 мың теңгені құрайды.
Екі факті де ҚР ҚК 139-бабының 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, ата-аналар кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға міндетті.
Үш айдан астам уақыт алимент төлемеген борышкерге ҚР шегінен тыс жерлерге шығуға уақытша шектеу, сондай-ақ лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтарды иеленуде, мысалы, автомобиль көлігін жүргізу құқығын беруде уақытша шектеу белгілеу түріндегі қосымша мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img