spot_img
Бейсенбі, Қазан 1, 2026
10.5 C
Kokshetau

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді

Сондай-ақ...оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Аталған мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді.

Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.

Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте 8 сатыға көтеріліп, соңғы он жылдағы ең үздік нәтижемен позициясын нығайтуда

Женева, 2026 жылғы 29 қыркүйек – Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде (Global Innovation...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика