spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Жастарға арнап пайдалы дәріс өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жастарға арнап «BASTAU Talks» қоғамдық дәрісін өткізді. Айта кету керек аталмыш шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.

Қоғамдық дәрістің негізгі мақсаты – жастарды елімізде бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және ынталандыру.

Жыл сайынғы «Bastau Talks» қоғамдық дәрісін өткізудің өзектілігі біздің еліміздің стратегиялық міндеттеріне байланысты, атап айтқанда, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті дамыған елдердің қатарына кіру, нарықтық экономиканы дамыту, ұлттық экономиканың жетекші күші ретінде кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау болып табылады.

Спикерлер ретінде «Асыл Ән» ұлттық музыка мектебінің негізін қалаушы және жетекшісі – Аслан Болатұлы Мұхамедьяров, «SAHAR» колористика және шаштараз салонының жетекшісі – Чепрасова Ксения Геннадьевна, «Новопэк», «Гормолзавод», «Мобиопт» компанияларының, «Yasons» компаниялар тобы, «Комфорт Строй 2020» СК, «Индиго» дүкенінің маркетологы, А-Медиа агенттігінің digital негізін қалаушысы – Аздарова Мадина Маратқызы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалының бағдарламаларды ілгерілету жөніндегі бас менеджері – Хасенова Ботагөз Сәрсенбайқызы және Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының («Атамекен» ҚР ҰКП) қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша жобаларды сүйемелдеу консультанты – Мұқанов Бақытжан Кенжеболатұлы шақыртылды. Сонымен қатар шараға, Көкшетау қаласының ЖОО және ТжКБ студенттері қатысты.

Аталмыш дәрістің модераторы облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы – Ермеков Дастан Амангелдіұлы болды. «Жастарға арналған бұл дәріс жұмыссыздықпен күрес және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша тиімді құрал болып табылады. Барлық қойылған міндеттерге қол жеткізу және ел экономикасының тұрақты дамуы үшін жас кәсіпкерлерді қолдауды есте сақтау қажет, себебі жас қазақстандық – елдің болашағы және «Стратегия-2050» жемісін жинаушылар болып саналады. Біздің елімізде «Damu» қоры әзірлеген жастар кәсіпкерлігін қолдау, «Атамекен» ҰКП бағдарламалары кең ауқымды жұмыс істейді» – деп аталмыш шараның модераторы атап өткен болатын.

Спикерлер өздерінің бизнес жолындағы өмірлерін баяндап, жастармен бөлісті. «Асыл ән» музыкалық мектебінің жетекшісі Аслын Болатұлы өз сөзінде: «Аталған мектеп қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын, әндерін жастар арасында насихаттау мақсатында ашылған болатын. Айта кетейін, Қазақстан бойынша ең алғашқы музыкалық мектеп. Ұстаздар Көкшетау қаласының Біржан сал атындағы музыкалық колледжінен келіп дәріс береді.  Мектепке жас ерекшелігі 5 жастан бастап қабылдаймыз. Сондай-ақ, эстрадалық әндерді де айтуға үйретеміз. Ол үшін мектеп барлық музыкалық аспаптармен жабдықталған. Қазақтың әндерін заманға сай етіп эстрадалық тұрғыда айтып халыққа жеткізуге болады деп санаймын. Көптен күткен арманыма қол жеткізу үшін қолдаған жан-жарыма және жәрдемдескені үшін «Атамекен» ҰКП алғысымды білдіремін». Өз сөзінен кейін Аслан мырза барлық қатысушыларға арнап халық әнін орындады.

Шара соңында жастар спикерлерге өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып,  толықтай жауап алды. Әр спикерге ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар, ал студенттерге сертификаттар табысталды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img