spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны азайды – Т. Оспанқұлов

Сондай-ақ...оқыңыз
Арнайы тергеудің 799 материалы құқық қорғау органдарына берілді, олар бойынша 114 қылмыстық іс қозғалды. 2022-2023 жылдары жазатайым оқиғаға әкеп соққан қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты 14 лауазымды тұлға сотталды. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында осындай мәлімет келтірді.

Ол еңбек заңнамасын сақтау және Қазақстан кәсіпорындарында өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

«2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 мыңнан астам тексеру жүргізіп, 8936 бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек саласында – 6600; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 2094; халықты жұмыспен қамту бойынша – 242. Жұмыс берушілерге 3741 ұйғарым беріліп, шамамен 400 млн теңге сомаға 2 мыңнан астам әкімшілік айыппұл салынды», – деп атап өтті спикер.

Ол қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістік жарақаттануды азайту Үкімет пен Еңбек миистрлігінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 6,5%-ға, қаза тапқандар саны 8,4%-ға азайды. Үстіміздегі жылдың 1 қарашасында еліміздің кәсіпорындарында 1119 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейінде, ал өндірісте қаза тапқандар саны 12%-ға артып, 175 адамды құрады», – деді спикер.

Жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында, Абай облысында және Алматы қаласында сақталып отыр. Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында және құрылыс саласында байқалады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img