spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын «Мен табиғатты танып білемін» облыстық байқауында таныстырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық орталығы Сандықтау ауылының жыл бойы жұмыс істейтін «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагерінде «Мен табиғатты танып білемін» облыстық зерттеу жұмыстар байқауын өткізді.
Байқаудың басты мақсаты: зерттеу қызметі арқылы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуды ынталандыру.
Облыстық байқауға 8 ауданнан және Көкшетау, Қосшы қалаларынан 47 оқушы қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара барысында қатысушылар өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғады.

«Сонымен қатар, облыстық байқауы аясында қатысушылар арасында «Эко-ассорти» экологиялық квесті өткізілді. Экологиялық квестте балалар сабақта алған білімдерін практикада көрсете білді. Барлық команда 5 станциядағы әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап өтті»,- деп қосты орталық өкілдері.

Қазылар алқасы шешімінің қорытындысы бойынша келесі номинациялардан жеңімпаздар анықталды:
1. «Экология – әрқайсымыздың ісі» номинациясы – туған өлкенің экологиялық жағдайын ашатын, жаһандық экологиялық проблемаларға назар аударуға бағытталған зерттеу жобаларының байқауы:
1 орын – Айтжан Жанерке, Көкшетау қ. № 21 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы;
2 орын – Муканбетжанова Айгерім, Жарқайың ауданы Н.Крупская атындағы ЖББМ 8 сынып оқушысы;
3 орын – Подрезова Милана, Жарқайың ауданы Н.Крупская атындағы ЖББМ 8 сынып оқушысы;
3 орын – Темірбекқызы Шұға, Зеренді ауданы М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы.
2. «Мені қоршаған әлем – таңғажайып әлем» номинациясы – топырақты, жануарларды, өсімдіктерді, олардың биоалуантүрлілігін, олардың экологиясын зерттеуге бағытталған зерттеу жұмыстарының байқауы:
1 орын – Цыганков Константин, Зеренді ауданы Приречное а. ЖББМ 5 сынып оқушысы;
2 орын – Майер Маргарита, Сандықтау ауданы Сандықтау а. ЖББМ 9 сынып оқушысы;
3 орын – Садық Айару, Целиноград ауданы Талапкер а. ЖББМ 9 сынып оқушысы;
3 орын – Даравских Злата, Көкшетау қ. № 21 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

3. «Табиғатты жүрегіңмен сезін» сурет байқауы – туған өлкесінің экологиялық жағдайын ашатын, экологиялық проблемаларға назар аударатын жұмыстарын ұсынылды:
1 орын – Мейрамбекқызы Камшат, Целиноград ауданы Талапкер а. ЖББМ 11 сынып оқушысы;
2 орын – Суюрбай Айсана, Жарқайың ауданы Н.Островский атындағы ЖББМ 10 сынып оқушысы;
2 орын – Колпакиди Арина, Сандықтау ауданы Сандықтау а. ЖББМ 6 сынып оқушысы;
3 орын – Жабагина Самира, Сандықтау ауданы Новоникольское а. ЖББМ 11 сынып оқушысы;
3 орын – Қапан Нұрасыл, Аршалы ауданы Жалтыркөл а. 8 сынып оқушысы;
3 орын – Блохина Ксения, Жарқайың ауданы Н.Островский атындағы ЖББМ 10 сынып оқушысы.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер алғыс хатымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img