spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-20.8 C
Kokshetau

Бұланды ауданында жылу қазандықтары мен су және жылу құбырлары жөнделуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұланды ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасымен жөндеу жұмыстары қарқын алды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Бұланды ауданының әкімдігі мәлім етті.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде биыл тозығы жеткен Макинск қаласының жылу және су құбырлары және жылу қазандықтары жөнделмек. Аталған мақсатта республикалық бюджеттен 246 миллион теңге бөлінген.

Талайдан жөндеу көрмеген құбырлар мен жылу қазандықтары биыл ретке келтірілмек. Бір жағынан бағдарлама талабына сәйкес мердігер жергілікті 30 тұрғынды жұмыспен қамтып, кемінде 85 мың теңге жалақы төлеуге міндеттенеді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары басталып та кетті, – дейді аудан әкімі Талғат Ерсейітов.

Жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика