spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмоладағы дүлей жел ғимараттардың шатырын ұшырып, елдімекендерді жарықсыз қалдырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында сенбі күні болған дүлей желдің салдарынан бірқатар аудандағы елді мекендер жарықсыз қалып, көптеген ғимараттың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Kazinform.

18 қарашада Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты  автокөлік жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды. ТЖД және ПД қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына жолға шықпау жөнінде БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы бейнежазба жолдады. Патрульдік нарядтар күшейтілген режимге көшті.

Дегенмен, табиғаттың тосын мінезі-жылдамдығы 20 м/с желдің салдарынан бірқатар аудандағы елдімекендерде электр беру желілері зақымданып, ғимараттардың шатыры бүлінді.

Атап айтқанда, Көкшетау қаласында 47 көппәтерлі тұрғын үй, Краснояр кентінде 115 абонент, Қосшы қаласында 1 230 абонент, Целиноград ауданының Тайтөбе ауылында 270 үй, сондай-ақ өзге де аудандардағы тұрғын үйлер жарықсыз қалды.

Жел
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетаудағы орталық әмбебеп дүкені ғимараты шатырының жартысын (170 шаршы метр аумағы), «Сарыарқа» шағынауданындағы көпқабатты жаңа тұрғын үйдің шатырын, үш автобус аялдамасын, Қосшы қаласындағы №10 үйдің шатырын жел ұшырды.

Осыған байланысты облыс әкімдігі жанынан жедел штаб құрылып, жағдай өңір басшылығының жіті бақылауына алынды. Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары барлық учаскеде жүргізілуде.

Жел
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Сонымен бірге ТЖД баспасөз қызметінен түсіндіргендей, қазіргі уақытта дауылдың салдарын есептеу және талдау жүргізілуде. Толық ақпарат кейін жолданады. Бүгін таңғы сағат 07:00-ден бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскесіндегі қозғалыс қайта жанданды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қосшы қаласында күшті жел салдарынан 1 229 абонент жарықсыз қалғанын жазған едік.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img