spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 25, 2025
26.7 C
Kokshetau

Көкшетауда №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының шатыры жөнделеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты ғимаратының шатырына 57 жылда алғаш күрделі жөндеу жұмысы жүрізілмек. Жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа 22 миллион теңге 400 мың теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ оқу орнының ой-шұңқырлы ауласы да биыл жөнделеді,-деп хабарлайды «Aqmola News» Көкше телеарнасына сілтеме жасап.

Дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының шатырын жөндеу жұмыстары жақын күндері басталып, 1 ай ішінде толық аяқталады деп күтілуде. Нысанның шатыры толықтай ауыстырылады.

 Шатырдан су тамса, жаңбыр жауып, қыста қар жауса қай жерінен су ағып кетер екен деген ішкі алаңдаушылығымыз болатын.«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында білім басқармасының қолдауымен,мәслихаттың шешімімен конкурс жарияланып, 22 млн 400 мың теңге бөлінді,-дейді интернат директоры Дана Ысқақова.

Мектеп-интернат ауласы да жаңартуды қажет етеді. Оқу орнының ұжымы жыл сайын әктеу-сырлау сынды жөндеу жұмыстарын өздері ұйымдастырады. Биылғы жылы аулаға асфальт, брусчатка төселеді. Оған 33 миллионнан аса қаражат бөлінген.

 Мектеп-интернат ішінің ағымдағы жөндеу жұмыстары бүгінде 60-70 процентке аяқталған. Жөндеу жұмыстарын тамыздың 15-не дейін аяқталады деген жоспар бар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Біздің бостандығымыздың кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының ерік-жігерін, оның ең...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика