spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Қазақ тілі – әлемдегі ең керемет тіл» , – Геннадий Вездецкий

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық Геннадий Вездецкий мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Геннадий Владимирович сегіз қырлы, бір сырлы азаматтардың бірі. Кейіпкеріміз  Қазақстан халқы ассамблеясының Ақмола облысы филиалының мүшесі,  криминалдық полицияның кіші жедел уәкілі, кіші сержант, оған қоса, қазақ күресінен және дзюдодан спорт шебері.

Жұмыстан қолы босаса домбыра тартып , қазақша ән айтқанды ұнатады. Генадийдің айтуынша, қазақ тілі әлемдегі ең әдемі тіл.

-Қазақ тілі ең әдемі, керемет және бай тіл, сол үшін мен біздің мемлекеттік тілді жоғары қойып, сыйлаймын, жақсы көремін. Тілді білмейтіндерге айтарым: шала сөйлеп мазақ болғанша, таза сөйлеп қазақ болайық, ағайын! Халқыма айтқым келгені: ана тілімізді құрметтеп, қазақша сөйлейік, – дейді Геннадий Вездецкий.

Геннадий Владимирович 1994 жылы Астанада туған. Ол ата – анасынан ерте айырылып, тағдырдың сынағына төзе ала білген мықты азамат.

-Алты жасымда әкем де, анам да жол апатында қайтыс болды. Отбасында үш бала қалдық: екі інім бар, мен тұңғышымын. Балалар үйінде тәрбие алдық. Қазақ тілін балалар үйінде үйрендім, мектепті қазақша оқыдым,содан кейін Көкшетауға колледжге түстім қазақ группасына. Өмірдің сан түрлі сынағына мойымай шыдам келемін, ең бастысы, денсаулық болсын , – дейді Гена.

Ауыр құқық қорғау саласындағы қызметімен қатар Генадий спортта да биік жетісіктерге жеткен. Ол қазақ күресінен және дзюдодан спорт шебері. Бос уақытында ешқашан қол қусырып отырмайды, өнерден де хабары бар.

-Жалпы өзім бос уақытымда үлгеріп жатсам егер де мүмкіндік болса гитарада ойнап, домбырада күй тартып, қазақ әндерін айтқанды ұнатамын. Оған қоса, жаттығуларым бар. Ынта болса, бәріне де уақыт табуға болады, – дейді Вездецкий Геннадий .

Бүгінгі күні Генаның қандай арманы бар деген сұраққа ол былай жауап берді.

-Менің мақсатым – халқыма адал қызмет ету: қарапайым адамдарды қылмыскерлерден сақтау, елдің тыныштыңы мен бірлігіне үлес қосу. Елім мен отаныма пайдам тиіп, халықтың алғысын алып , тәуелсіз Қазақстанның белсенді азаматы болу , – деп тарқатты Гена.

Бүгінгі күнде жас маман екі інісімен бірге пәтер жалдап тұрады, тұрғын үйге он екі жылдан астам уақыт кезекте тұр.

-Жалпы ереже бойынша, балалар үйінен шыққан жасөспірімдерге пәтерді он сегіз жасқа толғанда беруі тиіс, біз әлі күтудеміз, інімнің екі баласы бар, оның да үйі жоқ, – деп өзекті мәселесімен бөлісті Генадий Вездецкий .

Отансүйгіш азаматтың оң мақсаттары орындалады деген ойдамыз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img