spot_img
Сейсенбі, Тамыз 4, 2026
21.9 C
Kokshetau

Жақсы ауданының активіне Алмагүл Кадралина таныстырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданының әкімі болып Алмагүл Кадралина сайланды. Сайлау нәтижелері бойынша ол 83% дауыс жинап, өз қызметін сақтап қалды. Айта кету керек, сайлауға халықтың қатысуы 77,8%-ды құрады
Жұмыс сапары аясында аудан активіне сайланған әкімді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов таныстырды.
«Халыққа қызмет етудің тұжырымдамалық стратегиясын ұстану қажет.  Қазір сіздің алдыңызда азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша міндеттер тұр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы жұмыстарды жандандыру қажет», – деп атап өтті облыс әкімі.
«Көрсетілген сенім үшін алғысымды білдіремін. Ауданның одан әрі өркендеуі үшін барынша күш салуға тырысамын», – деді Алмагүл Кадралина.

Кадралина Алмагүл Аманжолқызы, 1978 жылы туған, Көкшетау қаласының тумасы. Еңбек жолын 2000 жылы Көкшетау қаласы прокуратурасының маманы болып бастаған.
2004-2012 жылдары Ақмола және Қарағанды облыстары мен Астана қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясында, Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясында жауапты лауазымдарда жұмыс істеді.
2013-2021 жылдары басшының орынбасары, кейін Ақмола облысының жер қатынастары басқармасын басқарды. 2021 жылдың қазан айынан бастап Жақсы ауданының әкімі лауазымын атқарды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дауыс үшін тартыс жалғасуда: партиялар не ұсынып отыр?

Бірі таңғы жүгіруге шықса, енді бірі қоғамдық тыңдау өткізіп, ауыл-аймақты аралап жүр. Ал кей партиялар кәсіпкерлердің мәселелерін талқылап, ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика