spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
8.2 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов Шортанды кентінің әлеуметтік сала нысандарымен танысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 36 пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен және аудан орталығының көше-жол желісін жөндеумен танысты.

Жақын арада төрт қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы ауданы 1,8 мың шаршы метрден асады. Мердігер «СтройЦентр-Turkistan» ЖШС болды.

Бүгінгі таңда барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, су тартылды, үй орталық жылытуға қосылған. Нысанды пайдалануға беру үшін құжаттар ресімделуде.

«Шортандылықтар халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан пәтер алады, оның ішінде 12 көпбалалы отбасы», – деп атап өтті аудан әкімі Сағындық Шабаров.

Северная көшесіндегі көше-жол желісін орташа жөндеу көктемде басталды, мердігер – «Фортуна» ЖШС. Көліктің үлкен ағыны өтетін екі шақырымға жуық жол жөнделді, өйткені көше Жолымбет – Шортанды – Пригородное облыстық маңызы бар жолымен байланыстырушы болып табылады. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталды.

«Әлеуметтік сала нысандарының құрылысы аудан басшылығының бақылауында болуы тиіс. Сонда барлық жұмыстар сапалы және мерзімінде орындалатын болады», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика