spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
18.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақ ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жоспарланған сквердің аумағын абаттандырумен танысты.

Айта кетейік, 2024 жылы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы С.Нұрмағамбетов, Ақкөл қаласының тумасы 100 жасқа толады.

Аудан орталығының әкімі Шыңғыс Теміржановтың айтуынша, саябақта ту бағанасы, мүсіндік композиция, балалар ойын кешені орнатылады. Іске қосу 2024 жылдың мамырында жоспарлануда.

Облыс әкімі объектімен танысып, алаңның орналасқан жерін жұртшылықпен келісуді тапсырды.

«Бұл жер адамдарды тарту орталығына айналуы керек. Атақты жерлестің есімімен аталатын көше мен алаң тиісті түрде көрінуі керек», – деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы белгілі отандастың жеке заттары сақталатын мұражайға барды.

Директор Мұратбек Әлімбаев 2007 жылы ашылған музейдің қызметі туралы айтып берді. Мұражайдың жалпы ауданы 59,3 шаршы метрді құрайды. Олардың ішінде 200-ден астам құжаттар мен генералға тиесілі заттар бар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика