spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
26.2 C
Kokshetau

Есірткі полицейлері жабайы қарасора өсетін аумақ ретінде Шу алқабына ерекше назар аударады

Сондай-ақ...оқыңыз
Қарасора өсіру орындарын анықтау үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ ғарыштық мониторингінің мүмкіндіктері пайдаланылды. Полицейлер ғарыш ведомствосы берген 60 координатты өңдеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов мәлім етті.

Ол есірткі полицейлері жабайы қарасора өсетін ареал ретінде әйгілі болған Шу алқабына ерекше назар аударатынын жеткізді.

«Шу алқабын зерттеуге жергілікті атқарушы органдар арнайы комиссия құрып, 40 млн теңге қаражат бөлінген Жамбыл облысымен. Комиссияның зерттеу нәтижелеріне сәйкес оның белсенді аймағы екі есе азайған. Бүгінгі таңда 60 мың гектардан асады. 148 мың гектар деген, бұл 1989 жылдың мәліметтері», – деп хабарлады ІІМ өкілі.

Сондай-ақ, ол Шу ауданында 15 жылдан астам «Дельта-Долина» өңіраралық бөлімі әрекет ететінін атап көрсетті. Оның айтуынша, бұл бөлім жеткілікті штаттық санмен, қажетті материалдық базамен қамтамасыз етілген. Арнайы операциялар кезінде «Дельта-Долина» ІІМ, Ұлттық Ұлан және Қорғаныс министрлігінің бөліністерімен күшейтіледі.

«Тек Жамбыл облысының Шу ауданында ғана есірткі әзірлеушілерден 5,6 тонна жаңа шабылған қарасора, 1,4 тонна тұтынуға дайын кептірілген марихуана, сондай-ақ 36,5 кг гашиш тәркіленді»,- деп мәлімет берді спикер.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әскери рәміздердің жауынргерлік рухты арттырудағы рөлі

Әскери нышандарда терең патриоттық, рухани-адамгершілік мән-мағына жатыр. Оларға әскер түрлерінің жалаулары, әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары және Қарулы күштердің нышаны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика