spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Жиналған өнім еліміздің нан мен ұнға деген қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті

Сондай-ақ...оқыңыз
Елімізде егін жинау науқаны аясында республиканың нан мен ұнға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті астық жиналды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алқап 24 млн гектарды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға артық. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде астық жинау науқаны аяқталуда. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша 16,9 млн га (98,7%) жиналды. Орташа өнімділігі 9,7 ц/га бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық, оның ішінде 11,4 млн тонна бидай бастырылды.

Жалпы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күтілетін жалпы астық түсімі 16 млн тоннаны құрайды. Бұл 3 млн тонна көлеміндегі ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, елді нанмен және ұнмен толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

Сонымен қатар елімізде 4,3 млн тонна көкөніс дақылдары, 3,5 млн тонна картоп және 1,6 млн тонна майлы дақылдар жиналды, атап айтқанда 747,5 мың тонна күнбағыс бастырылды.

Министр егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы ұйымдарына литріне 250 теңгеден 426 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінгенін айтты. Сонымен қатар ағымдағы жағдайды ескере отырып, дәнді және майлы дақылдарды кептіру үшін қосымша 62,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын бөлу туралы шешім қабылданған.

Сондай-ақ Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов егін орағы науқанын өткізу нәтижелеріне тоқталды.

Премьер-Министр биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болғанын атап өтті. Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан алқаптағы егін қатты зардап шекті. Одан кейін тамыздан бастап осы күнге дейін үздіксіз жауған жауын-шашын астықтың сапасы мен түсімін төмендетіп жіберді.

«Қолайсыз ауа-райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда, қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті», — деді Әлихан Смайылов.

Ол отандық фермерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары көрсетілгенін еске салды. Атап айтқанда, әділ сатып алу бағасы белгіленді. Айыппұл санкцияларын қолданбай, несиелер мен қарыздарды қайтару мерзімдері ұзартылды. Жеңілдетілген дизель отыны, оның ішінде астықты кептіру үшін қажетті отын көлемі бөлінді.

Сонымен қатар субсидияларды төлеу бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындау үшін шаралар қабылданып жатыр. Осылайша, өсімдік шаруашылығы бойынша алғашқы 30 млрд теңге субсидиялары бөлінді.

Сонымен қатар бидайды тікелей сатып алу үшін тиісті қаржы бөлу туралы шешім қабылданды.

«Тағы да атап өткім келеді. Ішкі нарықта бидаймен проблема болмауы керек. Ұн және нан өнімдері Азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етілген», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы заманауи суару технологияларын енгізу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

«Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек. Бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жүруде. Аграрлық ғылыми жүйені түбегейлі қайта қарау қажет», — деді ол.

Премьер-Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту мәселесі де өзекті, өйткені әбден тозығы жеткен техника егіс жұмыстарының сапасына да әсер етеді.

Осыған байланысты Әлихан Смайылов Агроөнеркәсіп кешеннің, оның ішінде дәнді дақылдардың отандық селекциясының ғылыми әлеуетін дамыту жөнінде нақты ұсыныстар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қосымша ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img