spot_img
Сенбі, Қазан 19, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Мектеп парламентінің үздік Президентін «Көш көсемі – 2023» облыстық байқауында анықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мектеп парламентінің үздік Президентіне арналған «Көш көсемі – 2023″ облыстық байқауын Сандықтау ауылының «Жас даурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінде өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты, көшбасшылық қабілеті бар жасөспірімдерді анықтау және олардың көшбасшылық мүмкіндіктерін ашу.

Байқауға 15 ауданынан, Степногорск, Қосшы, Көкшетау қалаларынан және облыстық мамандандырылған мектеп интернаттарынан жалпы саны 22 көшбасшы қатысты.

Байқау келесі кезеңдер бойынша өтті:
1 кезең. «Өзін-өзі таныстыру»;
2 кезең. Эссе;
3 кезең. «Кемел көшбасшы»;
4 кезең.»Мен – көшбасшымын» тренингі.

Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды:
1 – орын: Жақсы ауданы, Жалбыр Арайлым;
2 – орын: Қосшы қаласы, Мусаева Ақбота;
2 – орын: Бұланды ауданы, Қалымтаев Алпамыс;
2 – орын: Щучинск қаласы, «Білім Инновация» ІТ лицей интернаты, Касымова Милана;
3 – орын: Көкшетау қаласы, Абай ат. №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты, Исламбекова Аружан;
3 – орын: Степногорск қаласы, Шпехт Юлия;
3 – орын: Астрахан ауданы, Сүлеймен Арайлым;
3 – орын: Бурабай ауданы, Алимжанов Нурали.

Облыстық байқауының жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен, ал жетекшілері Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға қатысқандары үшін сертификаттар және ынталандыру сыйлықтары табысталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img