spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп» пилоттық жобасын іске асыру басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

      Облыс әкімдігінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Талқылаудың негізгі мәселесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, сондай-ақ «Бизнеске жол» және » жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобаларының орындалу барысы болды.

Өңір басшысы мемлекеттің тұрақты дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі сыбайлас жемқорлық деп танылғанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Атап айтқанда, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында көрсетілген іс-шараларды толық көлемде іске асыру қажеттігі туралы. Сыбайлас жемқорлықты анықтау мен жолын кесуге, әсіресе халықтың әл – ауқатына тікелей әсер ететін салаларда принципті тәсілді жалғастыру керек», – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Сондай-ақ, қатысушылардың назарына жобалардың орындалуына ауданның әрбір басшысы мен әкімі дербес жауапты болатындығын айтты.

«Экономиканың барлық көрсеткіштері бойынша өсудің оң серпіні байқалады. Бірақ пішін емес, мазмұн маңызды. Мен өз әріптестеріме есеп үшін бюрократиялық орындауға жол бермеу туралы ескерткім келеді. Әрбір теңгенің мақсаты бойынша жұмсалуы үшін нақты өзгерістер, оң өзгерістер, нақты нәтижелер болуы тиіс. Ең бастысы, оның әсері болуы керек», – деді облыс әкімі.

Өз сөзінде Асхат Жұмағали, білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жүйелі проблемалар бар және әсіресе процестерді цифрландыруда үнемі жетілдіру қажеттігін айтты.

«Өткен айда Павлодар облысында қолданыстағы ақпараттық жүйе негізінде білім беру ұйымдарында Бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасын іске қостық. Бүгін біз Ақмола облысында осындай жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл өңірдегі пилоттық жобаның ерекшелігі – оны облыстың жекелеген аудандарында екі компания жүзеге асыратын болады. Агенттік басқа әзірлеушілердің қатысуын шектемейді. Біз үшін нәтиже маңызды, яғни білім беру саласында ұрлық жасау себептері мен жағдайларын барынша жою», – деп хабарлады А. Жұмағали.

Отырыс барысында Агенттіктің 1-қызметі басшысының орынбасары Данияр Мағауиннің, Ақмола облысы бойынша ҚАПК басшысы Асхат Оразханның, сондай-ақ білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалиннің баяндамалары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімдігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында «Ақмола облысының білім беру ұйымдарында бірыңғай цифрлық есеп» пилоттық жобасын іске асыру туралы шешімге қол қойылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img