spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Жыл соңына дейін мемлекетке заңсыз иемделген 180 млрд теңге қайтарылады

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Марат Бәшімов депутаттық сауал жіберген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 шілдеде «Мемлекетке заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі» Заңға қол қойды. Жобаға «AMANAT» партиясының депутаттары бастамашы болды.

Заң қабылданғаннан бері 3 ай уақыт өтсе де, нәтиже жоқ. Күні кеше Мәжіліс отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Марат Бәшімов бұл мәселені көтеріп, депутаттық сауал жіберген.

Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеу мақсатында «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында талқылау өтті. Жиыныға Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Марат Башімов, ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова және өзге де сарапшылар қатысты.

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» баспасөз мәслихатында жыл соңына дейін 180 млрд теңге көлеміндегі қаражат мемлекетке қайтару көзделіп отырғаны белгілі болды.

Спикерлердің айтуынша, заңсыз сатып алынған активтерді қайтарудың негізгі тетігі азаматтық тәркілеу болып табылады. Бұл барлық жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттарға және үздік шетелдік тәжірибеге сәйкес келеді.

Заңсыз алынған активтерді қайтару процесі ашық болуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде жұмыс істейтін комиссия құрылған.

Оның құрамына қоғам қайраткерлері, депутаттар, Үкімет мүшелері кіреді. Комиссияға Премьер-Министр басшылық етеді. Комиссия активтерді қайтару жөніндегі мәселелерді алқалы түрде қарайтын болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img