spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Заманауи препараттарды қолдану қатерлі ісіктің дамыған кезеңдері бар науқастардың нәтижелерінің жақсарғанын көрсетеді– В. Дудник

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Онкологиялық көмек көрсету мақсаттарына жыл сайын 95 млрд теңге көлемінде қаржыландыру бөлінеді, оның ішінде дәрілік препараттарға 35 млрд теңге бағытталады. 2023 жылы түрлі химиялық препараттардың 164 атауы сатып алынды. ОКҚ алаңындағы баспасөз конферецниясы барысында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник осындай мәліметпен бөлісті.

Оның айтуынша, мамандандырылған көмек 20 өңірлік онкологиялық орталықтарда көрсетіледі. Онкологиялық науқастарды емдеуге арналған төсек саны шамамен 4 мыңды құрайды. Онкологиялық орталықтар жағдайында жыл сайын 80 мыңға жуық пациент стационарлық ем алады.

«Жыл сайын шамамен 30 мың онкологиялық хирургиялық операциялар химиотерапиямен немесе тәуелсіз әдіс ретінде жасалады. Бұл ретте жыл сайын бейнеэндоскопиялық жабдықты пайдалана отырып орындалатын операциялардың үлесі 30%-ға дейін ұлғаяды. Бүгінгі таңда 14 мың пациент химиотерапиялық ем алады, бұл жылына шамамен 90 мың сеанс. Заманауи препараттарды қолдану қатерлі ісіктің дамыған кезеңдері бар науқастардың нәтижелерінің жақсарғанын көрсетеді», – деді В.Дудник.

Егер бұрын өкпенің қатерлі ісігі, меланома, саркома сияқты жоғары агрессивті локализацияларда біз бір жылдық өмір сүру туралы айтатын болсақ, онда қазіргі заманғы тиімді дәрілік және сәулелік терапия әдістерін қолдана отырып, біз 3 және 5 жылдық өмір сүру деңгейі туралы айта аламыз.

«2022 жылы 11 мың науқасқа сәулелік емдеу қолданылды, бұл емдеу шаралары қарастырылғандардың жалпы санының 30%-ін құрайды. Бір жыл ішінде 240 сәулелік терапия сеансы орындалған. Жоғары технологиялық медициналық көмек Астана және Алматы қалаларындағы екі республикалық клиника – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында көрсетіледі», – деп мәлім етті вице-министр.

Бүгінгі таңда еліміздің онкологиялық орталықтарында 500 онколог-дәрігер, оның ішінде 173 онкохирург, 97 рентгенолог, 165 химиотерапевт жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау министрлігі Балаларға онкогематологиялық көмекті дамытуды қолға алуда. Жыл сайын балаларда 600-ге дейін қатерлі ісіктер анықталады. Бүгінгі таңда қатерлі ісіктердің ремиссиясындағы 4 мыңға жуық кішкентай науқас балалар онкологтары мен гематологтарының динамикалық бақылауында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img