spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмолалық корей халқы Чусок мерекесін атап өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-і және «Чинсон» корей мәдени орталығы ұйымдастырған, Чусок – егін жинау және ата-бабаларды еске алу мерекесіне және «Коре ильбо» газетіның 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл корей халқының ең маңызды мерекелерінің бірі болып саналатын үлкендерге алғыс айту күні.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Г.С. Сабырова, Чинсон» корей мәдени орталығының төрағасы О. М. Лян, Астана қаласы корейлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Р. М. Пак және Солтүстік Қазақстан облысы корей этномәдени орталығының өкілдері қатысушыларға құттықтау сөздерін арнады.

Концерттік бағдарламаның басында «Алаш» домбырашылар дуэті «Адай» күйін орындап және Астана қаласынан арнайы келген Самульнори ансамблі корей барабандарында өнер көрсетті.

Астана қ. «Мисон» би ансамблі мен Yolo FAMILY (Көкшетау қ.) көрермендерді ерекше билерімен қуантты.

Осы кеште Хан Венера, Ким Василий қазақ және корей тілдерінде әдемі әндерін шырқады.

Кеш соңында іс-шараның белсенді қатысушыларына «Чинсон» корей мәдени орталығының алғыс хаттары табысталды. Жарқын безендірілген сахна, репертуары бай концерттік бағдарлама осы мерекеге қатысушылардың естерінде ұзақ уақыт қалатынына сенімдіміз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img