spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

САУДА НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТАРАЗЫЛАР ЕНДІ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі сауда-коммерциялық операциялар кезіндегі тауарлар салмағының өлшемдерімен толықтырылды.

Басқаша айтқанда, енді әрбір сауда объектісі елдің барлық облыстарында бар аккредиттелген (құзыреттілігін бағалаудан өткен) салыстырып тексеру зертханаларының аттестатталған салыстырып тексерушілердің көмегімен таразыларын жыл сайынғы міндетті салыстырып тексеруден өткізуі тиіс. Егер бұрын салыстырып тексеру туралы талап тек сатылатын тауарлардың геометриялық параметрлерін өлшейтін өлшем құралдарына қатысты болса (ұзындығы және т.б.), енді таразылар да қосылды.

Салыстырып тексерудің мәні өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау болып табылады. Ол үшін аттестатталған салыстырып тексеру әдістемесі пайдаланылады, бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып, нәтижесінде оң нәтижелері салыстырып тексеру таңбасының бедерімен куәландырылады, ал теріс жағдайда өлшем құралының жарамсыздығы туралы хабарлама жіберіледі. Рәсімнің шығыны көп емес, сарапшылардың бағалауы бойынша нарықтағы орташа есеппен 5000 теңгеден сирек асады және арнайы гірлерді пайдалануды көздейді.

Өзгерістер «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның қолданыстағы ережелеріне негізделген, ол мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілерінің ішінде сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санын тікелей анықтады, және де ішкі сауда ережелеріне сәйкес сауда объектісі қажетті сауда құрал-сайманымен, жабдығымен, оның ішінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген өлшем құралдарымен қамсыздандырылады.

Осылайша, салмағы бойынша өнімді сату кезінде тұтынушылар өлшеудің анық емес нәтижелерінен Заңмен қорғалады және олар ақысы төленген салмақты ала алады. Сараптамалық бағалаулар бойынша салыстырып тексеруге ұсынылатын өлшем құралдарының шамамен 8-10 %-ы одан өтпейді, сол арқылы жарамды болып табылмайды.

Заң талаптарын сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 419-бабында жеке (30 АЕК) және заңды тұлғаларға (230 АЕК-тен 1600 АЕК-ке дейін) айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған.

Хабиев Н.Е. – ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы –мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша Ақмола облысының бас мемлекеттік инспекторы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img