spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Ақмолалық ұландықтар әлем чемпионымен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорск қаласының «Горняк» мәдениет үйінде 3517  әскери бөлімінің сарбаздары еркін күрестен  әлем чемпионы атанған 5571 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Айтмұхан Қанатұлы Ризабекпен кездесті.

2023 жылғы қыркүйек айының 16-24 аралығында Сербия астанасы Белгардтағы «Штарк Арена» стадионында еркін, грек – рим, және әйелдер  күресінен  әлем чемпионаты өтті.  Турнир нәтижелері бойынша күрестің барлық үш түрі бойынша 18 олимпиадалық салмақ дәрежесінде бес спортшы 2024 жылғы жазғы олимпиада ойындарына  қатысу үшін олимпиадалық лицензиялар алды.

Сол бес спортшының ішінде Алматы қаласындағы Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қатардағы жауынгер Айтмұхан Ризабекте бар.  Финалда Әзірбайжан спортшысы Осман Нұрмагомедовты таза жеңіспен жеңді. Біздің еліміз үшін бұл тарихи жетістік болды, өйткені бұған дейін еркін күрестен еліміз егемендігін алғалы бері бірде-бір әлем чемпионы болмаған. Сондықтан қазіргі таңда 19 жасар сарбазымыздың чемпион атануы үлкен мақтаныш болып отыр.

Қатардағы жауынгер Айтмұхан Ризабек Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылының тумасы. Осы жылдың жазында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланның  қатарына мерзімді әскери қызметін өтеуге шақыртылған.

Кездесу барысында Ризабек алғашында өзінің жеңіске жеткендігіне өзі сенбегенін айтты. Ризабекке көрермендер қатарынан көптеген сұрақтар қойылды, әсіресе Бөгенбай батыр спорт мектебінің балалары қызықты әрі ойланатындай сұрақтар қойды. Сол сұрақтардың бірі, Ризабекке таңқалардай болды деген ойдамыз. Чемпионға UFC қатарынан келісім-шарт ұсынса, еркін күрестен ауысар ма едіңіз деген сұраққа, Ризабек мүлдем ауысатын ойым жоқ деп жауап берді.

Ризабек Айтмұқанұлы әкесімен бірге Горняк мәдениет үйінде өздері жайлы, әрі алға қойған мақсаттары туралы ойларын Степногорск қаласының тұрғындарына мәлімдеді. Кездесу барысында 2024 жылғы өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстанға тағы да алтын медалімен оралғысы келетіні туралы мәлімдеді. Ризабектің дәл қазір күресуіне дайынмын деген сөзі көрермендерді одан әрі оны қолдауына түрткі болды. Чемпионның әрбір сұрақтарға нақты, әрі батыл жауап беруі еліміздің қазіргі таңда спортпен шұғылданып жүрген жастар қауымына үлкен бір мотивация болатындығына көз жеткізгіміз келеді.

Әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанұлы өзінің осы жолға әкелуіне әкесінің және де ата-бабаларының спортпен шұғылдануы түрткі болды деп айтқан болатын. Ризабектің әкесі жағынан аталары еркін күреспен айналысқаны туралы сұхбат барысында белгілі болды. Ата-бабаларының жолын қуған Ризабек, талай жандарға үлгі тұтар жан болды. Осы әлем чемпионы атану жолына келу оңай болмады деп өз сөзінде айтқан болатын, талай жылдар бойы дайындалып, жеңілістерге де ұшырап, қиын күндер артта қалды. Бірақ та, соған қарамастан әрбір болған қиыншылықтан, Ризабек бауырымыз сынбай әрі, басын төмен түсірмей жеңіп өтіп, өзінің қайсарлығын көрсетіп, небір сынақтардан сүрінбей, осы жолға келуімен барша Қазақстандықтарға дәлел боды. Ризабек Айтмұқанұлының ерекше айтқан сөзі: сіздердің бастарыңызға қандай болмасын сынақ берілсе, сол сынақты сүрінбей өтіп, өздеріңіздің алға қойған мақсаттарыңызға жету, тек қана адамның өз қолында демекші, Ризабек бауырымыз әрбір жан үшін керемет әрі үлгі тұтар жан деп білеміз. Адамның қандай да болмасын нәрсемен айналысқысы келсе, ең бірінші орайда қызығушылығы болуы керек дейді спортшымыз.

Осы Степногорск қаласында спортшымыз бірінші рет, әрі алтын медалімен келуі қаламыздың тарихында қалатыны қандай мақтан тұтарлық, керемет жағдай болып тұр. Өз атынан қаламызға Ризабек Айтмұқанұлы қонақ-жайлы қарсы алуына әрі өзінің жанкүйерлеріне шын жүректі алғысын білдірді. Степногорск қаласына алғысын чемпионымыз сұхбат барысында талай рет білдірген болатын.

Степногорск қаласының әкімі Ризабек Айтмұқанұлына халық атынан алғыс сөздерін білдіріп, 1 миллион теңге ақшалай сыйлық берді. Қала әкімі 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадада Қазақстанның қорына алтын медалімен оралуына тілектес болды.

Сұхбатта Степногорск қаласының 3517 әскери бөлімінің жауынгерлері де болды. Сарбаздарымыз Ризабектің әрбір айтқан сөздерін мұқият тыңдап, осындай дәрежеге жеткен чемпионымыздың жеңісімен бірге бөлісіп, кездесу соңында естелік суретке түсті. Әрбір Қазақстанның жауынгеріне Ризабек Айтмұқанұлы үлгі болуына себепші болғымыз келеді. Қазақстанымызды одан әрі көтеретін, биік шыңдарға жеткізетін, асқақ туымызды одан әрі желбіретіп бүкіл әлемге жария болатындай жандарымыз көп болсын, елімізде осындай үлгі тұтар жандарымыз көп болсын деп тілейік.

3517 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары  майор  Айдос Асхатұлы  Мырзахмет

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img