Құрметті мұғалімдер,білім беру саласының қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мереке – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мұғалімдер еңбегі әрдайым аса жауапты. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, оқушылар үшін адамгершіліктің жарқын үлгісі болып қала береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым жүйесін дамытуды еліміз үшін басты міндет деп атап көрсетті.Облыста осы бағытта ауқымды жұмыс жүргізілуде.Жаңа мектептер салынуда, бұрынғылары күрделі жөндеуден өткізілуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында бес мектеп пайдалануға беріліп, 58 білім ошағы жөндеуден өткізілді.Біз барлық оқу орындарын қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және зертханалармен қамтамасыз етудеміз.
Әйтсе де озық бағдарламалар,ең жақсы жабдықтары бар заманауи мектептердің өзі сіздердің бай тәжірибелеріңізді, шынайы шеберліктеріңізді, шығармашылық шабытты алмастыра алмайды. Ұстаздардың жаңа технологиялардан қалыс қалмай,үнемі біліктілігін арттырып,жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отырғандары барша қоғамды қуантады.Өткен оқу жылында ақмолалық оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда жоғары жетістіктерге жетті.
Педагогикалық еңбек ардагерлеріне айрықша алғыс айтқым келеді. Сіздер ең жоғары атаққа, мерейлі марапатқа және шексіз құрметке әбден лайықсыздар. Мұғалім мамандық емес,нағыз кәсіп. Облыстың білім беру жүйесін дамытуға сіздердің қосқан үлестеріңізді түгел айтып шығу әсте мүмкін емес.
Құрметті ұстаздар!
Бүгінгі таңда сіздердің алдарыңызда өте маңызды міндеттер тұр. Ең бастысы,білім сапасын арттыру. Бүгінде тек озық ғылымы бар ұлт қана бәсекеге қабілетті және табысты бола алады. Жарқын болашақтың кілті сіздердің қолдарыңызда. Сіздер жасампаз да жеңімпаз ұрпақты тәрбиелеуді міндет етіп алғансыздар.
Сіздерге ел болашағы жолындағы қиын да жемісті жұмыстарыңыз үшін көп рахмет!
Төл мерекелеріңізде шын жүректен зор денсаулық, отбасы амандығын, толайым табыс және өз салаларыңызда жоғары жетістіктер тілеймін!