Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Целиноград ауданында болып, биылғы жылы салынған күн электр станциясының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысындағы «Hevel Kazakhstan» ЖШС қарасты күн электр станциясы Қазақстандағы жаңартылған энергия көздерінің ірі нысанның бірі. Қуаттылығы 100 МВт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловат сағат электр қуатын өндіреді.
Нысанның негізгі ерекшелігі, құрылыс жобасын салуға гетероқұрылымды екі жақты күн модулі секілді инновациялық технология пайдаланылған. Күн электр станциясы Қазақстанда ғана емес ТМД елдері арасында аса ірі энергия көзі болып табылады. Бұл Қазақстан Республиксының «Жасыл экономикаға» көшуін жүзеге асырудың іс жүзіндегі бір кезеңі болмақ. Жоба күн электр станцияларын жобалау, салу және пайдалануға беруге әзір өз зауыты, инновациялық шешімдерді жасайтын технологиялық орталығы бар ресейлік «Hevel» компаниялар тобының инвестициясы негізінде жүзеге асырылды, – деді «Hevel Kazakhstan» директорының орынбасары Боранбай Жаркенов.