spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов Степногорск қаласының коммуналдық кәсіпорындарында болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорындарына барды, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы жылыту маусымына дайындық барысымен танысып, бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті.

«Ең бастысы – қазандықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жылуды уақытында қосу қажет», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Степногорск ЖЭО – қаладағы жылу энергиясының жалғыз көзі. Жылу қуаты – 1002 Гкал/сағ., қысқы кезеңдегі орташа жүктеме – 230 Гкал/сағ. 6 энергетикалық қазандық, 5 турбина және 1 су жылыту қазандығы бар. 2023 жылы жылыту маусымына дайындыққа 5 млрд. теңге, оның ішінде 3 млрд. теңге тариф есебінен бөлінді, 2 млрд. теңгені меншік иесі бөлді.

Кәсіпорын директоры Валерий Донцовтың айтуынша, 5 турбогенераторды жөндеу, №7 қазандық агрегатын күрделі жөндеу, №2,4,5 қазандық агрегаттарын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жоспарланған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ, жылу трассасының 14 км тозған учаскелері ауыстырылды.

Сол жерде облыс әкімі темір жол станциясынан мазут жеткізу мәселесін бірден шешті.

Екінші объект – «Сопка 305» су құбырын тазарту құрылыстары, 1974 жылы іске қосылған берілген.

«Степногорск – водоканал» ШЖҚ МКК директоры Алексей Гетмановтың айтуынша, 2020 жылы 5,1 млрд.теңге сомасына сүзгі станциясын, техникалық су резервуарларын реконструкциялау жұмыстары жүргізілген. Сорғы ғимараты салынды, таза су резервуары, сүзгілер-сіңіргіштер, НВК сыртқы желілері, өрт дабылы, бейнебақылау, байланыс және дабыл беру, электрмен жабдықтау және абаттандыру орнатылды.

Бүгінде магистральдық құбырдың тозу мәселесін шешу үшін су құбырын жөндеуге ЖСҚ әзірленді. Ұзындығы 1 км жер үсті су құбырын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ қалаға кіре берісте сорғы станциясын орнату және монтаждау жоспарлануда.

Қорытындылай келе, өңір басшысы қолда бар мәселелерді кезең-кезеңімен шешу қажеттігін атап өтті.

«Өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, оның ішінде жылумен және сумен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз», – деді М.Ахметжанов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img