spot_img
Сәрсенбі, Шілде 1, 2026
20.9 C
Kokshetau

Облыс әкімі Степногорск қаласының «Пригородный» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Марат Ахметжанов өңірдің өнеркәсіп орталығына жұмыс сапары аясында «Пригородный» шағын ауданының аула аумағын абаттандырумен танысты және тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Алпысбай Қайыржановтың айтуынша, балалар алаңы тұрғындардың өтініші бойынша жөнделді. Сондай-ақ, спорт алаңы, футбол алаңы салынды, асфальт төселді.

Қала тұрғындары атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, облыс басшысына өздерін толғандыратын, оның ішінде шағын аудандағы жолдарды жөндеу және Азат ауылына шығу, электрмен жабдықтау, маршруттық автобустардың қозғалысы, автобус аялдамаларын орнату, стадионды жөндеу және басқалар жөнінде сұрақтар қойды.

Марат Ахметжанов әрқайсысын тыңдап, сапардың мақсаттарының бірі – проблемалық мәселелерді анықтау екенін атап өтті.

«Бірден бәрін жасай алмаймыз, біртіндеп жасаймыз. Бірінші кезекте жылумен жабдықтау және басқа да негізгі мәселелерді шешу қажет», – деп атап өтті облыс әкімі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика