spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмолада биыл 18 сүт фермасы ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Зеренді ауданының Симферополь селосында орналасқан «Agro Milk Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Голландиядан алғашқы лекпен гольштейн-фриз тұқымды 99 бас ірі қара мал жеткізді, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Жаңадан құрылған сүт тауары фермасының жобалық құны 350 сауын сиырды құрайды. Мамандардың айтуынша, гольштейн-фриз тұқымды қара мал жылына 9-10 мың литрге дейін сүт береді. Нидерланд елінен жеткізілген асылтұқымды қара малға тиісті жағдай да жасалыпты. Сүт фермасы соңғы алдыңғы қатарлы стандарттармен жабдықталмақ.

«Agro Milk Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Юрий Швецтің айтуынша Нидерландтан жеткізілген қара малдар екі-үш айдан соң бұзаулайды. Осыдан кейін сүт өндірісіне де кіріспек.

Нидерланд елінен жеткен қара малдың әр басына 225 мың теңге субсидия бөлінбек. Ал келер жылы қолдау көрсеткіші 400 мың теңгеге жетпек. Бұл өңірдегі сүт өндірісінің дамуына тың серпін бермек. Мұнымен қоса Зеренді ауданында тағы 4 ферма ашу да жоспарланыпты.

Жалпы Ақмола облысында осы жылы ірі қара мал саны 2,5 мың басты құрайтын 18 сүт фермасын салу жоспарланған. Мұнымен қоса 2020-2023 жылдарда жалпы саны 4,9 мың. басты құрайтын 4 ірі сүт фермаларын жүзеге асыру басталды. Облыс аумағында аталған сүт фермаларын іске қосу мамандандырылған фермаларда сүт өндірісін 40 пайызға дейін ұлғайтып, жылына 140 мың. тонна сүт өндіруге мүмкіндік бермек, – дейді Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img