spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
10.2 C
Kokshetau

Абай Мырзахметов университетінде жаңа «HR-manager» мамандығы пайда болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетімен бірлесіп HR – менеджмент бойынша білім беру бағдарламасының оқыту жоспарын әзірледі,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы арнайы брифингте белгілі болды.

Оқыту бағдарламасына кез-келген жаңа мамандықты енгізу оқытуды ұйымдастыруға қажетті базаны құру бойынша ауқымды дайындық жұмыстарын талап етеді. Білім беру бағдарламасы білім беру саласындағы сәйкестендірілген ұйымдармен мақұлданды. Осыған орай университет талапкерлерді осы жазда қабылдауға дайын.

Жаңа мамандықтың мемлекеттік басқару жүйесінде де, жеке және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында да HR-менеджментті кәсіби тұрғыда дамытуға мықты серпіліс беретініне сеніміміз зор» – деді Департамент басшысы Берген Беспалинов.

Жаңа мамандықтың ерекшеліктері туралы университет ректоры Мәди Елубаев баян етті. Оның айтуынша, білім беру бағдарламасының мақсаты басқару, жоспарлау, еңбек қызметін үйлестіру және адами ресурстарды дамыту саласында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау болып табылады.

Аталған білім беру бағдарламасының бірегейлігі мен оның ерекшелігі бәсекеге қабілетті кадрларды дайындаудағы жаңа тәсілге, дәрістік және тәжірибелік сабақтардың толық курсын оқыту үшін жетекші мамандардың тартылуына, күшейтілген тіл дайындығына, мамандандырылған пәндерді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға, тәжірибеге бағытталған пәндердің көп мөлшеріне, тәжірибелік сағаттар мөлшерінің артуына, басқару, психология, құқық, талдау, есептеу, іс жүргізу сияқты бірнеше салалар бойынша дайынлауға негізделеді, – деді Елубаев.

Спикерлердің айтуынша, алдағы оқу жылында осы мамандық бойынша оқуға ниет білдірушілер үшін университеттің есігі ашық.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика