spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
14.2 C
Kokshetau

Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан азаматтары мемлекет шекарадан өткен соң Қытай аумағында 30 күнге дейін визасыз бола алады. Мұндай ереже Қытай Халық Республикасының азаматтарына қатысты болады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы істер министрлігі дайындаған қаулыға сәйкес екі ел азаматтары туризм, емделу, транзит немесе іскерлік кездесу мақсатында көрші елде 30 тәулікке дейін болса, виза талаптарынан босатылады.

Егер Қазақстан мен Қытай азаматы көрші елде белгіленген мерзімнен ұзағырақ қалғысы келсе, шекараны кесіп өткенге дейін визаға өтініш беруі қажет.

Сонымен қатар қаулы бойынша тараптардың бірі ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті немесе халықтың денсаулығын сақтау мақсатында елге кіру кезінде құжат беруден бас тартуға құқылы. Екі ел арасындағы келісімге 2023 жылдың мамырында, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қытайға сапары кезінде қол қойылады. Ал құжаттың мәтіні 26 сәуірге дейін қоғам талқысында болмақ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img