“Бүгін еліміз бойынша менің атымнан барлық облыс орталықтарында ауызашар беріліп жатыр” деді Президентіміз өз сөзінде.
Алла сауаптан жазсын!
————————————————-
Рамазан айының құрметіне Ақорданың төріндегі салтанат сарайында дастархан жайылды. Төрде- Президентіміздің өзі!
Тауба! Шүкіршілік! Тәуелсіздік алғалы, осы Ақорда орнағалы сол Ақорданың төрінде екінші рет, былтырғы ораза кезінде де Қасым-Жомарт Тоқаев ауызашар берген-ді. Міне,биыл тағы да сол дәстүр!
Өзінің ақыл- парасатының түйсігімен Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорданың төріне дастархан жайып, Ақорданы халқының қасиетті төрі екендігін ұғындыра түсті!
Және де халқын, оның салт дәстүрін сыйлаудың үлгісі мен өнегесін таныта түсті!
Президентіміз елдің бірлігін нығайта түсу хақында аталы сөз айтты.
Қазіргідей дүниенің ушығып тұрған жағдайында Қазақ елінің ішкі бірлігі, сыртқы саясаты мықты болуы керек.
Ел іші бірлігінің саясаты әрқайсымызға байланысты. Ауызбірлік. еңбекққорлық, үлкенді сыйлау, отбасының беріктігі сияқты қағидалар берік ұстанымға айналса игі.
Ал, енді мемлекетіміздің сыртқы саясатын сенімді әрі бекем ұстауға Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Дипломатиялық қарым- қабылеті және әлемдік саясаттағы абыройы мен беделі жетерлігіне сенім мол!
Не де болса, Қазақ елінің берекесі артып, ынтымағы арта берсін!
Болмағанды болдырармыз, толмағанды толтырармыз!
Президентіміздің Әділетті Қазақстан құру жолында бастап отыиған ауқымды әрі тарихи маңызы зор саяси реформасын қолдап, сол реформаларды бәріміз бір болып жүзеге асыру міндетіміз болса етті!
Ел аман, жұрт тыныш болсын!
Ораза қабыл болсын!
Жабал Ерғалиев – жазушы, драматург, ҚР сенаторлар Кеңесінің мүшесі