spot_img
Жұма, Қазан 3, 2025
5.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында күзетшінің үстіне темір қақпа құлап кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында кәсіпорынның күзетшісі жұмыс орнында жарақат алып, комаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күзетшінің үстіне металл қақпа құлап кеткен. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұланды ауданындағы ЖШС-нің бірінде күзетші болып жұмыс істейтін 54 жастағы ер адам жұмыс орнында жарақат алған. Бұл туралы аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне хабарласқан медицина қызметкерлерінің хабарламасынан белгілі болды.

«Оқиға күзетші кәсіпорынның тағы үш қызметкеріне астық қоймасының темір қақпасын жабуға көмектескен кезде орын алған. Қақпаның бір қанатының қалқалары сынып, соның салдарынан ауыр құрылым дәл ер адамның үстіне құлап кеткен», –деді Ақмола облысының полиция департаменті.

Ер адам қазір ауруханада жатыр. Алдын ала диагноз «Жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, самай сүйегінің сынуы, кома».

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика