spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
11.9 C
Kokshetau

Ақмола тұрғыны пехота және танкке қарсы миналарды тауып алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жарқайың ауданы Тасты – Талды ауылының тұрғыны 4 сәуір күні бос жерден пехота және танкке қарсы миналарды тауып алды.  Ақмолалықтың айтуынша, қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен ол шамамен 50 см тереңдікте көмілге жарылғыш заттарды қазып алған.  Оқиға туралы азамат дереу полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына жедел – тергеу тобы мен сапер мамандары бірден барды. Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, пехотаға қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 гранаталары тексеріліп, олардың оқу-жаттығу құралдары екендігін және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды.  Сондай-ақ, полиция мен сапер бригадасы жақын маңдағы аумақты тексерді, бұдан өзге жарылғыш заттарға ұқсас заттар табылмады.

Жарылғыш заттарды табу фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, арнайы сараптамалар тағайындалып, құқық қорғау органдары бұл заттардың бос жерде қалай пайда болғанын анықтауда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img