spot_img
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
27.2 C
Kokshetau

ТЖД: өрттің алдын алу мақсатында жағылған құрғақ шөп бақылауда болу керек

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл ауданында Шілікпай орманшылығының «Кеңес ОШМ» КММ аумағында өрттің алдын алу мақсатында бақылауға алып жағылған құрғақ шөптен орманның өртенуі орын алды. Өртке қарсы қызмет тартылмады. Өрт «Кеңес ОШМ» КММ күштерімен жойылды. Өрттің жалпы ауданы 1,9 га құрады. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.  Қазіргі дуақытта осы факт бойынша табиғатқа келтірілген залал анықталуда.

Айта кетерлік жағдай, мұндай фактілерге жол бергені үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Далешов Ақкөл ауданының «Краснобор ОШМ», «Барап ОШМ», «Кеңес ОШМ», «Ақкөл ОШМ» коммуналдық мемлекеттік мекемелері орман шаруашылығы басшыларын және Ақкөл аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметін шақырумен өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

Әңгімелесу барысында өрт қауіпті кезеңге дайындық кезінде туындайтын орман шаруашылықтарының қызметіндегі проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, құрғақ және шөпті өсімдіктерді күйдіру кезінде мұндай фактілерді болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті отты сөндірусіз қалдырмауды, жанып тұрған темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастамауды, қылқан жапырақты және жас ағаш түбінде от жақпауды, шыны және тез тұтанатын заттарды тастамау қажеттігін еске салады. Өрт анықталған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Целиноград ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы: нақты нәтиже мен жаңа жоспарлар

Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы ауданның 2025 жылдың алғашқы бес айындағы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика