spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Бүгін ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Жасалған келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, ал қажет болғанда жағдайы ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ортақ келісім өңірдің медициналық мекеме қызметкерлеріне инновациялық технологияларды оқыту, түрлі дерттің  алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен оқытудың инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Медициналық орталығының бастамасы мен Меморандумға қол қою алдағы уақытта өңірдің медицина саласының дамуына айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті.

Өз кезегінде, Медициналық орталығының басшысы ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ғасырға жуық – 90 жылдан астам уақыт еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің ірі мекемесіне айналғанын айтты.

«Біз білім берумен, ғылыми зерттеулермен, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізумен, сондай-ақ республиканың денсаулық сақтау саласына инновациялық әдістерді іздеумен және енгізумен байланысты көптеген жобалармен айналысамыз. Соңғы үш жылдың өзінде ауруханалардың мамандары 150-ден астам жаңа технологияны республиканың медицина тәжірибесіне еңгізген алғашқылардың бірі болуда. Медициналық орталықтың ұйымдары облыстардың азаматтарына түрлі медициналық көмек, емдеу-сауықтыру және оңалту қызметтерін көрсетті. Біз бұдан әрі өңірдің тұрғындарына практикалық медициналық көмек көрсетуді арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді өз сөзінде ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой.

Медициналық орталықтың 35 жетекші маманы (нейрохирургтер, кардиохирургтер, аритмологтар, онкохирургтер және т.б.) «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аясында Ақмола облысына өз жұмыстарын таныстыруда. Дәрігерлер делегациясы қала тұрғындарына практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img