spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Қорғалжын ауданында сегіз елді мекенде су басу қаупі байқалады

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Ғабды-Сабыр Мұхамедди мен төтенше жағдай бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қабышев Арман Қорғалжын ауданының ағымдағы жылдың су тасқыны кезеңіне дайындығы жөнінде айтып берді.

Қорғалжын ауданы аумағында көктемгі су тасқыны кезеңінде су басу аймағына 8 елді мекендер кіреді. Оның ішінде қауіпті Ұялы және Өркендеу ауылдары бар. Себебі бұл ауылдар Нұра өзеніне жақын.  Су басу қауіпті аймағында барлығы 194 үй, 743 тұрғын және 13 маңызды объектілер орналасқан.

−Сондай-ақ су басу қауіпі бар аймаққа автомобиль жол учаскелері кіреді. Барлық су басу жол кесіндісінің ұзындығы 800 метрді құрайды. Биылғы су тасқыны кезеңіне аудан, әдеттегідей, дайындықты өткен жылдың жазғы мезгілінен бастап жүзеге асырды. Өткен жылы 25 мамырда облыс әкімі бекіткен 2023 жылғы көктем кезеңіндегі  су басу қаупіне ұшырағыш Ақмола облысының елді мекендерін инженерлік қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылдың жазғы-күзгі мезгілінде Қорғалжын ауылының Мадин Рахымжан және Шоқмет Әубәкіров көшелерінің бойындағы су бұру арналарын кеңейту және терендету жұмыстары 400 метр қашықтықта жүргізілді. Сондай-ақ, Өркендеу және Ұялы ауылындағы жер үйінділерінің әлсіреген жерлерін нығайту бойынша инженерлік жұмыстар жоспар бойынша барлығы 150 метр көлемінде жасалды.  Аталған жұмыс жыл сайын осы елді-мекендерде қажеттілігіне қарай, яғни тозығы жеткен бөліктерін жөндеу арқылы жүргізіледі, −деді Ғабды-Сабыр Мұхамедди.

Өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша Начало формыКонец формыҚорғалжын және Егіндікөл,  Нұра,Целиноград аудандарының жергілікті атқарушы органдары арасында, ықтимал қаупі бар төтенше және өзге де жағдайлардың қатерлері немесе туындауы туралы өзара хабардар етуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру бойынша құрылған жоспары әзірленді.  Сонымен қатар, ауданда осы жоспарға сәйкес, халықты құлақтандыру бойынша су басу қаупі бар Сабынды, Ұялы және Өркендеу ауылдарында С-28 электр дабылдары орнатылды. Аудан аумағында 117 жол асты су өткізу құбырлары орналасқан. Осы жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні су өткізу құбырлары тазаланды.

 

−Қазіргі уақытта Қорғалжын ауылында қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Ауылдан 5640 текше метр қар шығарылды. Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында аудан әкімдігінің деректеріне сәйкес ауданда күштер мен құралдардың саны жеткілікті. Барлығы 60 адам, 14 бірлік техника, 3 бірлік су сорғыш, 1 бірлік жүзу қайығы,  10 адамға арналған 2 шатыр, 1 бірлік электр генераторы және 5 дана су өткізбейтін қорғаныс костюмдері жасақталды. Сондай-ақ барлық ауылдық округ әкімдерімен серіктестіктердің және  шаруа қожалықтарының басшылары арасындағы тұрғындарды эвакуациялау, жоғарғы өтімді су соратын техникаларды және инженерлік техникаларды тарту бойынша келісімшартар жасалды. Су басу қауіпі бар елді мекендегі халықты көшіру үшін 8 көшіру пункттері бар олар білім беру объектісінде және мәдениет үйінде жалпы саны 760 орын қарастырылды, −деді Қабышев Арман.

Жалпы, аудан бойынша жағдай тұрақты түрде бақылауға алынды. Су тасқынын болдырмау үшін аудан әкімдігі және төтенше жағдайлар департаменті тарапынан тиісті іс-шаралар толық жүргізілуде.

 

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,

«Арқа ажарының» тілшісі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img