spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
21.5 C
Kokshetau

Қуаныш Ақаділов-көктемгі дала жұмыстарының ең үздік механизаторы

Сондай-ақ...оқыңыз

Жарқайың аудандағы «Темірлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы Қуаныш Ақәділов көктемгі дала жұмыстарының озаты атанды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Қуаныш Ақаділов  күндіз-түні тынбай, ауа райының түрлі мінезіне төтеп беріп, егіс даласында еңбек етіп жатқан жұмысшы. Осындай еңбеккерлеріміздің арқасында күзде астықты өлкенің қамбасына бидай төгіліп, сіз бен біздің дастарханымыз нанға толатыны сөзсіз.

Ол жастайынан ауыл шаруашылығы саласында еңбек етуді қалап, осыдан 20 жыл бұрын Краснояр селосындағы ауыл шаруашылығы колледжінің механикаландыру бөлімін бітірді.

Осы уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан озат механизаторлардың бірі саналатын тәжірибелі тракторшы кәсіби шеберлігін өз ісімен дәлелдеп келеді.

Тракторшы өзіне сеніп тапсырылған «Бюллер» тракторын күтіп ұстағандықтан, техника дала жұмыстарында бір тоқтаған жоқ. Сондай-ақ, техниканың қыр-сырын әбден меңгерген білікті механизатор мол тәжірибесін жастарға үйретуден  жалыққан емес.

Айта кетерлігі, бүгінде науқан кезінде егіс алқабының жұмысын қыздыратын  «Жарқайың», «Кен-М», «Мадьяр К», «Дихан-4»,  «Темірлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері көшбасшы ретінде ауданның астық рейтінгісін көтеретін компаниялар екені даусыз.

Аудан диқандары  көктемгі жауын-шашынға қарамастан межеленген жоспардың жартысынан көбін орындаған. Биылғы көктемгі дала жұмыстарына 434 бірлік дөңгелекті және шынжыр табан тракторлар жұмылдырылыпты.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика