spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 17, 2026
22.2 C
Kokshetau

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

ІІМ мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Aqmolanews Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы және бастамашы Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич екені анықталды. Ол ұсталды және соттың рұқсатымен қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы «Қорқыту», 147-бабы «Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу», 158-бабы «Журналистік қызметке кедергі жасау», 202-бабы «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру және 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қарастырылған айыптар тағылды.

Ұсталған адам істеген әрекетін мойындады. Жауап алу барысында барлық шабуылдарды өз бетінше ұйымдастырғанын, өйткені жеке себептер мен бірқатар қазақстандық танымал БАҚ өкілдеріне бұрынғы талаптарының болғанын мәлімдеді.

Клебанов-Маневич құқыққа қайшы жоспарларын іске асыру үшін хакерлер тобы мен акцияларды орындаушыларды жалдаған. Арандату мақсаттары мен нұсқаларын өз бетінше таңдаған. Орындаушыларға берілетін қаражатты криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырған. Тергеу жалғасады, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады

Көптеген адамдар күнін таңғы астан емес, смартфоннан бастайды. Келген хабарларды, пошта мен әлеуметтік желілерді тексеру, картадағы балансты қарау, сатып...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика