Целиноград ауданының Талапкер ауылында коронавирус инфекциясы тағы бір адамға жұқты, – деп хабарлайды «Aqmola news».
Бұл туралы Ақмола облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім етті.
Санитар болып Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеген Талапкер ауылының тұрғыны COVID-19 зертханалық расталған адаммен жақын байланыста болған. Ол осыған дейін үй карантинінде оқшауланған. Қазір Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызуға әзірленуде, – деді өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.
Қазіргі уақытта Ақмола облысында 146 адамнан коронавирус инфекциясы тіркелген. Оның 128-і Целиноград ауданында анықталған. Қазір бұл ауданның тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары санитарлық-эпидемиялық тексерістерді ұйымдастыруды жалғастыруда. Сондай-ақ Көкшетау қаласында, Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Шортанды, Есіл аудандарында таралған.
Бүгінде өңір стационарларында 140 адам емделу үстінде. Үй карантинінде 724 адам оқшауланды.