spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолалық полицейлер ауа-райы қолайсыздықтарыменн күресуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола полицейлері ауа-райының қолайсыздығында байланысты трассада қалған 6 көлік легінен тұратын 1000-нан астам автокөлікті ертіп жүрді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

1 наурыз күні таңертең патрульдік полиция қызметкерлері бірден үш бағытта бірнеше автокөлік легін құрды.

Ауа-райына байланысты жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін ағымдағы жылдың 28 ақпанында Ақмола облысында 12 автожолды жабу туралы шешім қабылданды. Полиция жасақтары мен басқа да құзыретті органдар күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады: блок бекеттер қойылды, жақын маңдағы елді мекендерде жылыту пункттері белгіленді, қосымша экипаждар енгізілді. Жолдың жабылуы мен қарлы боранға байланысты көліктердің жиналуы пайда болды.

1 наурызда полиция департаментінің басшылығы батальон мен патрульдік полиция ротасының экипаждарының автокөліктер легін бір жолақпен алып жүруін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Полицейлердің басты міндеті-жүргізушілер мен олардың жолаушыларын жолдың бұғатталған учаскелерінен шығару ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайларда олардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қауіпсіз жүруді қамтамасыз ету және жол – көлік оқиғаларын болдырмау үшін полицейлер автокөліктерді лекпен ертіп жүруді ұйымдастырды, жүргізушілерге лекте жүру ережелерін түсіндірді, белгіленген жылдамдық режимін және көлік құралдары арасындағы аралықты сақтау қажеттігін еске салды.

Қазіргі уақытта полицейлер 6 автокөлік легінде 1000-нан астам автокөлікті Қостанай және Қарағанды облыстарының, Астана қаласының шекараларына дейін және кері бағытта ертіп жүруде.

Ауа-райына байланысты «Астана – Павлодар» және «Астана – Щучинск» трассалары жабық күйінде қалып отыр. Полицейлер жүргізушілерден автожолдардың жабылғаны туралы хабарламаларды ескеруді және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img