spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысына «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамының былтырғы өндірістік жұмыстарының негізгі қорытындысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды «Aqmolanews» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берілген мәліметке сәйкес компания көмірсутектерді өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізді. Биыл «ҚазМұнайГаз» 23 миллион тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр.

Президентке Өзен кен орнын оңалту жөнінде де есеп берілді. Бұл жобаның экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар.

Бұдан бөлек, Мағзұм Мырзағалиев компанияның геологиялық қорларын ұлғайту перспективалары туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінде перспективті жаңа жобаларға инвестиция белсенді түрде тартылып жатыр.

Мемлекет басшысына «жасыл жобаларды» дамыту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

«ҚазМұнайГаз» басшысы компанияның кәсіпорындары орналасқан өңірлерде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының, әсіресе көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img