spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жалған дипломдар туралы

Сондай-ақ...оқыңыз

Өкінішке қарай, соңғы кездері жұмысқа орналасуда жоғары білім туралы жалған дипломдар қолданылғанын жиі еститін болдық. Әсіресе, мемлекеттік қызметке түсу кезінде «жалған» дипломдар қолданылғанын білу жағымсыз. Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің арнайы тексерістері барысында мұндай фактілер жиі анықталады, деп хабарлайды Aqmolanews.

2022 жылы облыс бойынша ҰҚКД-не мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін кандидаттарға қатысты 1566 материал келіп түскен. Өкінішке орай, олардың барлығы сынақтан өте алмады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік университеттері берген жоғары білім туралы жалған дипломдарды ұсынған үміткерлер анықталды. Аталған «кәсіпкер» үміткерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігімен жалған құжат пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды.

«Өтірік» мамандарға 160 айлық есептік көрсеткішке дейін (жарты миллион теңгеден астам) айыппұл салынады, не олар сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 160 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады, болмаса, қырық тәулікке дейін қамауға алынады.

Есіңізде болсын: жалған диплом сізге мансап жасауға көмектеспейді. Бұл өзін-өзі алдау болып табылады. Жұмыс берушімен болмаса да, арнайы тексеру кезінде шындық анықталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img