spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Такси қызметіне қатысты заңнамаға өзгертулер енгізу жоспарланып отыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен платформалық жұмыспен қамтуды реттеу мәселелері бойынша кеңесте такси қызметі саласына қатысты заңнамаға жоспарланған өзгерістер талқыланды. Бұл туралы «Aqmolanews» министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазір платформалық жұмыспен қамтуды дамыту үшін кедергілер мен шектеулер жасамай, интернет платформаларда жұмыс істейтін адамдарды қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ресімдеу және тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жақын арада заңнамаға интернет платформа операторы, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы өзара қарым-қатынасты нақты реттейтін түзетулер қабылданады деп күтіліп отыр», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Сонымен қатар, вице-министр «Автомобиль көлігі туралы» Заңға өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыру, атап айтқанда қызметін интернет платформаларды пайдалана отырып жүзеге асыратын жеке тұлғаларды такси тасымалдаушысы деп тану қажеттігін атап өтті.

«Бұл жеке тұлғаларға жолаушыларды тасымалдау қызметтерін көрсету үшін интернет платформамен тікелей келісу құқығын алуға мүмкіндік береді. Қолданыстағы заңнамада такси қызметтерін ресми түрде жүзеге асыру үшін жеке тұлға такси паркі атынан ДК немесе заңды тұлғамен шарт жасасуы қажет», – деді ол.

Кеңес барысында платформалық жұмыспен қамту саласында әзірленген нормативтік-құқықтық базаны және мемлекеттік органдардың деректер базасы мен ақпараттық жүйелерін, қазақстандықтар жұмыс істейтін танымал интернет платформаларды интеграциялау бойынша ықтимал цифрлық шешімдер талқыланды.

Айта кетсек, кеңеске Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП және Қазақстан такси қызметтерінің республикалық қауымдастығының өкілдері қатысты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img