spot_img
Сенбі, Мамыр 24, 2025
7.2 C
Kokshetau

Жақсы ауданының Белағаш ауылында спорт кешені салынуда (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданының шағын ғана Белағаш ауылында «TNK агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іргелі спорт кешенінің құрылысын бастады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Жаңа нысанға облыс әкімі Ермек Маржықпаев барып, спорт кешенінің салыну барысымен танысты.

Белағаш ауылында биылғы жылы қазығы қағылған спорт кешенінің жалпы аумағы 880 шаршы метрді құрайды. Аграрлық өндіріс компаниясының инвестициясы негізінде салына бастаған ауылдағы жаңа нысанның қалалық спорт кешендерінен еш кемдігі болмайды. Қос қабатты спорт кешенінің төменгі қабатында киім шешетін орын, жаттықтырушылар бөлмесі, душ, әжетхана сияқты қажеттіліктер қарастырылған. Волейбол, баскетбол ойынына арналған алаңдар салынады.

Өңір басшысы Ермек Маржықпаев осы ауылдан түлеп ұшып, шетелдерде облыс намысын қорған жүрген жас спортшыларға ақыл-кеңесін айтып, алдағы жарыстарда жеңістер тіледі.

Ауылдарда жастардың қалаға қарай ағылуының басты себептерінің бірі – жастардың істерге ісі жоқ. Шағын ғана ауылда спорт кешенінің инвестордың өз қаржысы есебінен салынуы біз үшін үлкен қуаныш. Сіздерге ауылда осындай іргелі спорт кешені салынып отыр. Енді осы жасалған мол мүмкіндікті пайдаланып, жаттығып спорттық жарыстарда облыс қоржынына медальдар салатындарыңа сенімдімін, – деді Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, биыл өңірде бюджет қаражаты есебінен 4 спорт кешені салыну үстінде.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі мұнымен қоса Белағаш орта мектебінде болды. Мұнда облыстық бюджет қаржысы есебінен 142,7 миллион теңне сомасына «Еңбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалып, қазір күрделі жөндеу жұмыстары басталып та кеткен.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика