spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
23.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі Ораза айт мейрамымен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ақмолалық мұсылман қауымын қасиетті ораза айты мейрамымен құттықтады, – деп хабарлайды «Aqmola news». 

Құрметті ақмолалықтар!
Баршаңызды бүгін басталып отырған мұсылман қауымының ұлық мерекесі Ораза айты мейрамымен құттықтаймын! Бір ай бойы шынайы ықылас ниеттеріңізбен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
Биылғы ораза да, Айт мейрамы да бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетінің таралуына байланысты жылдағыдан ерекше жағдайда өтіп отыр. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанда карантин жарияланып, төтенше жағдайда өмір сүріп, еңбек етуге тура келді. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының ұйғарымымен мешіттерде тарауық намаздары оқылмады. Енді  мешіттерде айт намазы да оқылмайтын болып ұйғарым жасалып отыр. Мұның барлығы да қатерлі індетті жұқтырып алмау және індеттің жаппай таралып кетуіне жол бермеу үшін жасалған қадам болатын. Осы жағдайға түсіністікпен қараған, сабыр сақтап және өзгелерді де сабырға шақырып отырған баршаңызға ризашылығымды білдіремін!
Ораза айт кешірім жасайтын күндердің мейрамы. Сондықтан да бір-бірімізге кешірімді әрі қайырымды бола отырып, тәуелсіз еліміздің алдында тұрған міндеттерді шешу жолындағы еліміздің ынтымағы мен бірлігін нығайта түсейік.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, әр шаңырқтың ырысты да дәулетті, бақытты болуын тілеймін!, – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика