spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Елімізде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК 3 450 теңгеге өсті

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл 1 қаңтардан бастап құқық бұзып, айыппұл арқалағандар қанша теңге төлейтінін есептеп көрейік.

Мемлекеттік рәміздерді қорлау дерегі үшін 3 000 АЕК (10 350 000 теңге).

Пәтерге кіреберістегі есігінің қасына қоқыс дорбасын қалдырғаны үшін 20 АЕК (69 000 теңге). Ал бұл әрекетті бір жыл ішінде қайталап жасаса 30 АЕК (103 500 теңге).

Шулап, тыныштықты бұзу 5 АЕК (17 250 теңге), бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК (34 500 теңге).

Қоғамдық орында түкіргені үшін және белгіленбеген жерлерде қоқыс тастағаны үшін 5 АЕК (17 250 теңге). Бұл әрекет кері қайталанса 10 АЕК (34 500 теңге).

Көлік жүргізгенде телефон пайдаланып, белбеу тақпау 5 АЕК (17 250 теңге). Автобуста жолақы төлемеу 2 АЕК (6 900 теңге).

Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінсіз 22.00-ден 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса, олардың ата-анасына 3 АЕК (10 350 теңге). Осы әрекет бір жыл ішінде қайталанса, онда баланың заңды өкілдеріне 7 АЕК (24 150 теңге) айыппұл салынады.

Жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны үшін 2 АЕК (6 900 теңге). Бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК-ке (34 500 теңге).

2023 жылғы наурыз айынан бастап қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК (69 000 теңге)  немесе 30 тәулікке қамауға алынатыны туралы заңға өзгерістер енгізіледі.

@baq_kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img