spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-11.6 C
Kokshetau

Мектепке кіретін адамдарға бақылау күшейтілсін – министр тапсырма берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мектепке кіретін адамдар тобына бақылау күшейтілсін. Мұндай тапсырманы Оқу-ағарту министрлігінің шұғыл жиынында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Балалардың қауіпсіздігі – барлығымыздың басты міндетіміз. Сондықтан, әріптестер сіздерге мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шұғыл әрі тиімді жұмыстарды орындауды тапсырамын. Бүгін премьер-министрдің тапсырмасы бойынша білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті арттыру мақсатында 20 ақпан мен 17 наурыз аралағында еліміздегі барлық мектептердің қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етуге мұқият мониторинг жүргізіледі. Осы тұста өзара әрекеттесудің тиімді тетіктері әзірленсін. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін баяндалсын. Жергілікті атқарушы органдарға, білім беру ұйымдарында турникеттермен, дабыл түймесімен, лицензияланған күзетпен, бейнекамералармен толық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын. Білім беру объектілерінің кіру тобына бақылау күшейтілсін», – деді министр.

Сонымен қоса, Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Орта білім комитетіне оқушылар үшін арнайы қауіпсіздік сабақтарының циклін әзірлеуді тапсырды.

Қоса кетсек, бұған дейін ведомствоның шұғыл жиынында Петропавл мектебінде болған оқиғаның мән-жайын баяндалып, тексеру нәтижесінде анықталған алдын ала деректерді жарияланған еді.

Еске салайық, кеше Петропавлда 9 сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ ала келіп, 3 оқушыны жарақаттады. Кейін зардап шеккен екі балаға ота жасалды.

Бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов аталған мектепте лицензиясы бар күзет қызметі болмағанын мәлім етті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img