spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
14.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Рамазан Стамғазының ән кеші өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

10 ақпан күні сағат 18:30-да Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерт залында «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазының «Дариға-дәурен» атты ән кеші өтеді.
Кеш қонақтары: «Құрмет» орденінің иегері Ұлту Қабай (Алматы қ.), дирижер «Мәдениет қайраткері» Қайырлы Ғафуров (Петропавл қ.).
Қазақ халық әндерін табиғи таза түрінде және заманауи стильде кеңінен насихаттап жүрген әнші Рамазан Стамғазы киелі Көкше елінің өнер сүйер қауымына К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрімен дайындаған қанықты концерттік бағдарламасын ұсынады. Дәстүрлі ән өнерінің дамуына және жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етіп келе жатқан әншінің әр концерті бай мазмұнымен, көркемділігімен, жоғары деңгейде орындалған жауһар туындыларымен ерекшеленеді.
Концерт барысында Рамазан Стамғазы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде халық әндерін, Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Балуан Шолақ сынды сал-серілердің және Қазақстанның заманауи композиторларының әндерін орындайды. Сонымен қатар, әнші қасиетті қара домбырадағы жеке орындауларымен өз көрермендеріне халқымыздың шоқтығы биік шығармаларын тарту етеді.
Концертке филармония солистері Сәрсенбай Хасенов пен «Мәдениет саласының үздігі» Эльмира Төлеубаева қатысады.

 

 

Өтетін орны: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы
Өтетін мерзімі: 10 ақпан 2023 жыл, сағат 18.30

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img